Колледж тарихы
Алматы қаласы білім басқармасының «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» МКҚК 1975 жылы№203 қалалық кәсіптік-техникалық училище ретінде құрылды.
Алматы қаласының №203 ҚКТУ (ГПТУ) 1985 жылы Қалалық кәсіптік білім беру бөлімінің 1985 жылғы 15 қазандағы No391 бұйрығына сәйкес №10 АКТУ (СПТУ) болып өзгертілді.
Алматы қаласындағы №10 АКТУ (АКТУ) 1991 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 19.12.1991 жылғы No16/2 коллегиясының шешіміне сәйкес №1 ЖКУ болып өзгертілді.
1997 жылы № 1 ЖКУ, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 28.08.1996 жылғы №227 бұйрығына және Алматы қалалық Білім басқармасының 21.01.1997 жылғы №4 бұйрығына сәйкес кәсіптік-техникалық лицей №1 (КТЛ) атауына өзгертілді.
№ 1 кәсіптік –техникалық лицей Алматы қаласы әкімдігінің 23.04.2002 жылғы № 2/267 қаулысымен атауы «№1 кәсіптік лицей» болып өзгертілді.
№ 1 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімдігінің 14.07.2008 ж. №3/544 қаулысына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының «№1 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Алматы қаласы білім басқармасының «№ 1 кәсіптік лицей » мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімдігінің 18.02.2013 ж. №1/115 қаулысына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» МКҚК болып қайта аталды.
Мемлекеттік және ведомствоаралық наградалардың иегерлері
Карагулов Е.С. ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі.
Нурмолданова Г.А., ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі
Ергазина Г.Ж. ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі.
Кәсіптік білім беру және оқыту саласындағы халықаралық жобаларға қатысу
2017 жылдан бастап «Орталық Азиядағы кәсіптік білім беру (РЕСА)» бағдарламасы бойынша Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) ұйымдастырған халықаралық жоба.
2019 жылдан бастап «Жібек жолы шебері»кәсіптік оқу орындарының ынтымақтастық жөніндегі халықаралық Альянсы шеңберіндегі халықаралық жоба.
2019 жылдан бастап Түркия Республикасында «Caspian Center» (Түркия) компаниясымен кәсіби тағылымдама ұйымдастыруда Білім алушытер мен педагогтарға қолдау көрсету жөніндегі Халықаралық жоба.
2019 жылдан бастап Nikolaos қорымен (Италия) кәсіби тағылымдаманы, тәжірибе алмасуды, біліктілікті арттыруды ұйымдастыруда Білім алушытер мен педагогтарға қолдау көрсету жөніндегі Халықаралық жоба.
Әр түрлі жобаларға қатысу
2015 жылдан бастап Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі дуальды оқытуды енгізу бойынша базалық алаң болып табылады.
2016 жылдан бастап колледжді басқару, оқу-тәрбие процесін ISO 9001 халықаралық стандарты негізінде ҚР СТ ИСО 9001-2015 сапа менеджменті жүйесімен қамтамасыз етілген.
Колледждің 3 оқытушысы «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс республикалық тренерлері.
Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі оқу процесіне модульдік оқытуды, кредиттік-модульдік оқытуды енгізу бойынша базалық алаң болып табылады.
2019 жылы колледж Халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден және 2021 жылы аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өтті.
Қалалық, республикалық, халықаралық кәсіби шеберлік байқауларына қатысу.