Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Қыркүйектің жиырма екісі күні Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы
22.09.2021

Қыркүйектің жиырма екісі күні Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы, "Тәуелсіздігім - тірегім, Қазақстаным - жүрегім" атты ЖББП бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары А.Жумабекова, Б.Кунтуарова, Ж.Ермаханованың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік толқынында" атты әдеби-сазды шара өтті. Шара барысында білім алушылар ұлтымыздың ұлы мұраты болған Тәуелсіздіктің жылдарынан сыр шертіп, жыр шумақтарын оқыды. Дархан даланың төсінде тербелген достықты жырға қосып, әуезді әндер шырқалды.