Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӘСІБИ ОЙЫН
18.03.2021

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 1 курс 74 БОП, 75 БОП топтарында өндірістік оқыту шеберлері Кабылбекова М.Е., Утамбетова Д.Т. ұйымдастыруымен " Балық котлет массасынан жартылай өнімдер дайындау" тақырыбында "ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӘСІБИ ОЙЫН" түрінде ашық сабақ өтті. Студенттер өндірістік оқыту шеберлері жетекшілігімен балықтан: котлеттер, биточкилер, зразы, тельное, фрикаделька, тефтельдер дайындап, мұздатып, вакуумды орамаға салып, қолдануға жіберді. Сабақты әріптестеріміз тікелей эфирде тамашалады. Сабақ соңында екі топ студенттері "НАУРЫЗ" мерекесіне дайындаған дастарханнан дәм татып, өз өнерлерін көрсетті. Сабақ жоғары дәрежеде өтіп, мақсатына жетті. Ашық сабаққа қатысқан жас мамандар өздеріне тәжірибе алды деген ойдамыз. Ашық өндірістік оқыту сабағы "Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің" зертханасында өтті, сабақтың өтуіне үлкен мүмкіндік жасаған әріптестерімізге @kitig_official алғыс айтамыз.