Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

1 курс студенттері арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс өтікізілді.
05.03.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, ұлттық кодты сақтау негізінде студенттердің арасында қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында 1 курс студенттері арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс өтікізілді. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салатыны анық. Бүгінгі біздің қатысушыларымыз белсенділік көрсетті, ұлттық ойынға деген қызығушылықтары да біршама артты.