Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

akso_almaty
27.11.2020

akso_almaty Қарашаның 27 күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде онлайн форматта «Қашықтықтан оқыту: мәні, мәселелері мен болашағы» тақырыбында № 2 педагогикалық кеңес өтті. Директордың АТЖ орынбасары Өмірханов А.О. «Қашықтықтан оқыту режимінде оқу процесін басқару» тақырыбында баяндама жасап, blm.kz платформасына енгізілген өзгерістермен таныстырды. Білім беру интернет-платформаларының жұмысы да ортаға салынды. Жалпы білім беру пәндері бойынша ЦӘК төрайымы Ермаханова Ж.Т. «Қашықтықтан оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары» атты баяндамасында білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, пәнге деген қызығулығын арттыратын Quizlet Live, Kuiziz, Microsoft Forms, Google Forms сияқты сервистер мен қосымшалардың тиімділігіне тоқталып өтті. «Білім алушылардың сабаққа қатысуын талдау және қашықтықтан оқыту режимінде кері байланысты жүзеге асыру» мәселесі бойынша бөлім меңгерушілері Абдрахманова Р.Т., Сатыбалдиева А. А. есеп берді. Сондай-ақ жиын барысында педагог-психолог Тоғайбаева С.О. көмегімен білім алушылар мен ата-аналардан алынған сауалнаманың қорытындысымен таныстырды. Педагогикалық кеңес соңында әртүрлі мәселелер қаралып, директордың ОІЖ орынбасары шешім шығарды.