Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

akso_almaty
20.11.2020

akso_almaty 20.11.2020 жылы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Алматы қаласы әдістемелік кабинет және Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің ұйымдастырған «Рухани жаңғыру – ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі» атты онлайн конференциямыз өтті. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу, Тұңғыш Елбасы мақаласындағы білім беру саласының өзектілігі мен маңыздылығын негізге ала отырып жұмыс жасау технологиясын ұғыну мақсатында ұйымдастырылған конференцияда Алматы қаласы колледждерінің әдіскерлері мен оқытушылары қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ермаханова Ж.Т. «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар», тарих пәнінің оқытушысы Оспанова Г.Т. «Модернизация общественного сознания», химия пәнінің оқытушысы Б.Базарқызы «Ruhani Zhangyru: the way to the future», №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің оқытушысы Шәріпбек Ф.С. «Рухани жаңғырудың негізгі кілті – Абай ілімі», Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің оқытушысы Орыналиева А. «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі», ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Избасова М.О. «Rukhani Zhangyru» program - a look into the future» тақырыбында баяндамаларын оқыды. Білім алушылар аталмыш тақырыпқа орай өлең-жырларын арнады. Шара соңында конференцияға қатысушылар өз ойларын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, ел ертеңі болар жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беретін оқытушылардың ұлт алдындағы жауапкершілігін баса айтып өтті.