Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

akso_almaty Қарты бар ел - қазыналы ел
24.10.2020

akso_almaty "Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында колледжіміздің ерікті белсенділері мен өндірістік оқыту шебері Рахимбердиева Б.Ж. аталмыш мейраммен ауданымыздың қарттарын құттықтады. Әңгіме барысында өмірден алған тәжірибелерімен, қызықты сәттерімен бөлісіп, өздерінің жүрекжарды ақ тілектерін жаудырды. Қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.