Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде 1-курс қыздарымен онлайн қыздар жиналысы өтті.
30.09.2020

akso_almaty Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде 1-курс қыздарымен онлайн қыздар жиналысы өтті. Шара барысында колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Калиева А.С. әлеументтік педагог ПодопригораТ.М., педагог-психолог Тугайбаева С.О., медбике Ермағамбетова А.У., "Сырғалым" клубының жетекшісі Өмір Н.И. қатысты. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртіп ережесі, зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы, қыз бала тәрбиесі, сабаққа, қоғамдық шараларға қатысуы, сонымен қатар түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көшеде жүруі, кертартпа діни ағымдардың алдын-алу бағытында олармен күрес жұмыстары туралы түсіндіріле отырып, қыздардың көкейкесті ойлары тыңдалды, сұрақтарына жауап берілді. «Сырғалым» қыздар клубының жұмысымен таныстырылды. Әрбір елдің қоғамындағы шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Қыз бала тәрбиесі бүтін бір ұлттың тәрбиесі екенін ескерейік!