Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның.
30.09.2020

akso_almaty Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұстаздар өз елінің ертеңі болар жас ұрпаққа тәлім-тәрбие береді, бұдан тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бұл ұлттың, елдің қоғамы қалыптасады. Сондықтан да шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына молынан дарытып, адамгершілік бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздардың еңбегі зор. Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысына айналған ұстаздар қауымын Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің ұжымы барша ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтайды! Сондай-ақ шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан жандарды құттықтауға арналған челленджді @aqtk_almaty ұжымына жолдаймыз. @yerulan_ks @akso_nurotan @ruhani_zhangyru_almaty @edugovkz @colleges_of_almaty @akimat_almaty #АКСО #ҮйденШықпаңыз #оставайтесьдома #bizbirgemiz #бiзбiргемiз