Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Қашықтықтан өткен тамыздық секция тақырыбы: "Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңа міндеттер тұрғысынан жетілдіру".
27.08.2020

24 тамыз күні Алматы қаласында, онлайн форматта, ZOOM платформасы арқылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының тақырыптық алаңы өтті. Қашықтықтан өткен тамыздық секция тақырыбы: "Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңа міндеттер тұрғысынан жетілдіру". Педагогикалық қызметкерлердің тақырыптық алаңы екі бөлімнен тұрды. Ұйым басшылары мен орынбасарларына арналған бөлім. Әр бөлім өзінің аумағындағы ауқымды сұрақтарды толық қамтыды. Осы шараға қатысқан Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Рахимбердиева Бахыт Джумабайқызы, Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің "АЛҒЫСЫМЕН" марапатталды.@rbdbsha Құттықтаймыз! Жұмыста табыс, отбасыңызға амандық тілейміз. #АКСО #Bizbirgemiz