Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

akso_almaty Алматыда бір аптада праймеризге қатысуға 130-дан астам адам өтініш берген
27.08.2020

Тіркеу кезеңі бастау алғаннан мегаполисте праймеризге 130-дан астам адам өтініш берді, оның ішінде 34% - әйелдер және 30% - 35 жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар ⠀ Қатысушыларды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін 30 тамызда партияның праймеризіне қатысуға өтініш берген азаматтардың толық тізімі жарияланады. Содан кейін жаңа кезең басталады: кандидаттарды дайындау, үгіт-насихат жұмыстары, дауыс беру, тізімдерді дайындау. ⠀ Естеріңізге сала кетейік, электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында онлайн режимде «Праймериз» жаңа ақпараттық жүйесінде өтеді. ⠀ #PrimariesAlmaty #Primaries2020 #NurOtan