Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалды!
04.06.2022

2022 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалды! Қай заманда болмасын елдің ерекшеліктерін көрсететін белгісі рәміздері болған. Рәміз – Елдің ұлттық болмысы мен ұлтты танытатын белгі. Тәуелсіз елдердің барлығында Әнұран, Ту, Елтаңба мемлекеттік рәміз болып табылады. Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!