Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ұлыстар мен ұлттардың бірлігін, достығын нығайту мақсатында Әуезов ауданының ұйымдастыруымен колледждер арасында мерекелік іс- шара өтті.
01.05.2022

1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні ұлыстар мен ұлттардың бірлігін, достығын нығайту мақсатында Әуезов ауданының ұйымдастыруымен колледждер арасында мерекелік іс- шара өтті. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі "Татар" халқының мәдениеті мен салт дәстүрін көрсетіп көрме ұйымдастырғаны үшін марапатталды! Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.