Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

84БТ топ студенттерінің қатысуымен Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Алжанбаева Әйгерім Серікбекқызы "Әртүрлі бақытсыз жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
07.04.2022

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде 84БТ топ студенттерінің қатысуымен Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Алжанбаева Әйгерім Серікбекқызы "Әртүрлі бақытсыз жағдайда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Студенттерге әртүрлі апаттық жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету және бағдар беру. Ашық сабақ "Мөлдір тамшылары" әдісімен жылы лебіз білдіру арқылы басталып, практика жүзінде жалғасын тапты. Студенттер аяқ-қол жарақаты кезінде шина қоюды, күйік жарақатын таңуды, жүрек-өкпе массажын жасауды көрсетті. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, көпшіліктің көңілінен шықты.