Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын "Compatriot" БПҰ жиналысында колледж директоры Карагулов Е.С. мен тарих пәнінің оқытушысы Ахметова Г. Б. баяндамасы арқылы тыңдап, талқылады.
01.04.2022

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын "Compatriot" БПҰ жиналысында колледж директоры Карагулов Е.С. мен тарих пәнінің оқытушысы Ахметова Г. Б. баяндамасы арқылы тыңдап, талқылады. Президенттің биылғы жолдауын халқымыз үлкен үмітпен күтті, жаңа жолдауда халықтың мұң-мұқтажы естіліп, талап-тілектері ескеріліп, биліктен күткен үкілі үміті ақталып отыр. Ендігі мақсат – бүкіл ел болып жұмылып, жасампаз жолдауда көтерілген игі бастамаларды іске асыру. Президенттің саяси шешімдері баршаның көңілінен шығып, жалпықоғамдық қолдауға ие болуда. Қазақстанда бұрын орын алған суперпрезиденттік басқаруды тарихтың еншісіне қалдырып, жаңа кезеңде күшті Парламентке сүйенетін президенттік басқаруға өту – халықтың үніне құлақ асатын мемлекет құрудың сара жолы болатынына сенімдеміз.сол себептен бүгінгі Жолдаудың маңызы зор.