Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

"Наурыз мейрамы" мерекесін атап өтті.
31.03.2022

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі "Наурыз мейрамы" мерекесін атап өтті. Наурыз мейрамы адамдардың теңдігін, еркіндікті, бауырмалдықты, үлкенге деген құрмет пен кішіге деген сүйіспеншілікті білдіретінін сезіндіру мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті. Шара барысында білім алушылар әдет-ғұрып, ойын-сауық, ән мен би көрсетіп, ұлттық тағамдардан дәм ұсынды. Мерекеде қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі "Тұсау кесер"көрсетілді. Сондай-ақ қатысушылар Наурыз көжеден дәм татты. Іс-шара тек жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды.