Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Ахметова Г. Б. 87 ХМК тобы студенттерімен Өзін-өзі тану пәнінен «Мінез-құлықты тәрбиелеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
24.03.2022

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Ахметова Г. Б. 87 ХМК тобы студенттерімен Өзін-өзі тану пәнінен «Мінез-құлықты тәрбиелеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақ барысында студенттермен бірге ұстаздарды да әртүрлі тренингтерге қатыстырып, сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті. Сабақты қорыта келе, студенттерді жақсы мінезді болуға тырысуымыз керек және көркем мінезді адамдардан үлгі алу қажеттігін түсіндірді. Өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алады. Сондықтан өз боймыздағы жаман мінездерді жойып, тек жақсы мінездерімізді шыңдап, көркем мінез иесі болуға тырысумыз қажет, -деп аяқтады.