Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

2022 жылдың 16 наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады.
16.03.2022

2022 жылдың 16 наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Президент жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып өтті. Еліміздің дамуындағы осы уақытқа дейін қол жеткен жетістіктерге ерекше мән беріп, енді сол жетістіктерімізден айрылып қалмау үшін ел бірлігін қатаң сақтау керектігін нақты қадап айтты. Баршамыз қаңтар оқиғасынан сабақ алдық, бейбітшіліктің қадір-қасиетін жан жүрегімізбен түсіне білдік, енді мұндай қателіктерге жол бермеу үшін, Президентіміз халықты бірлікке шақырды. Себебі Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз, Елімізді қорғау баршамыздың перзенттік борышымыз екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық Құрылтай құруды және Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту қажеттігіне байланысты да мәселелерге токталды. Сөзінің соңында Президентіміз елімізді түбегейлі өзгерту үшін өткеннен тағылым алып болашаққа жол ашу керектігін, халықты Жаңа Қазақстанды құруға шақырды.