Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің мұрасын насихаттауға бағытталған «Алаш мұраты» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
15.03.2022

лматы сервистік қызмет көрсету колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы мен «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің мұрасын насихаттауға бағытталған «Алаш мұраты» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға Алматы қаласының Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі, Алматы полиграфия колледжі, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасы ШЖК КМК «Жоғарғы медициналық колледж», және Алматы сервистік қызмет көрсету колледждерінен студенттер қатысты. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары – бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адалдықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті. Ахмет Байтүрсынұлының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек