Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Nur Otan» партиясының «Compatriot» бастауыш партия ұйымы «Jas Otan» мүшелері «Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында «JIGIT SULTANY» атты сайыс өтті
01.03.2022

«Nur Otan» партиясының «Compatriot» бастауыш партия ұйымы «Jas Otan» мүшелері «Жастар – Отанға!» бағдарламасы аясында «JIGIT SULTANY» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - болашаққа сенім мен қадам басқан жастарға, халқымыздың салт — дәстүрі, әдет — ғұрпы, жөн — жоралғыларын білім алушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды, ер азаматтарды жан –жақты шығармашыл дамыту. Іс -шара 5 кезеңді қамтып, оған 1-курс білім алушылары қатысты. Байқауымызды колледжіміздің директоры Е. Карагулов ашты. «Жігітке жеті өнер де аз»,- деп ұрандатқан тарландарымыз өнер мен білімнен де кемде емес екендіктерін дәлелдеді. Жеңімпазды қазылар алқасы ептілігі, сөз саптауы, білімділігі, актерлік шеберлігі мен сахна мәдениеті бойынша бағалады. Жалпы байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлде» 85 БМ Еркін Есіл, 1-ші орын 84 БТ Оразиман Әділет, 2-ші орын 90 БТПП Бакиров Арлан, 80 БОП Қарахан Ерасылға бұйырды.