Звоните:
+7 (727) 3959742
Напишите:
pl1almaty@bk.ru

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Тамақтандыруды ұйымдастыру" циклдік әдістемелік кеңесінің апталығы аясында, 3-қалалық "Бауырсақ-fest" байқауы
21.10.2021

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Тамақтандыруды ұйымдастыру" циклдік әдістемелік кеңесінің апталығы аясында, 3-қалалық "Бауырсақ-fest" байқауы және де "Аспаздар" күні мерекесі аталып өтті. Байқауға Алматы қаласы колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқауда шеберлер келесі номинациялар бойынша марапатталды. 1-дәстүрлі бауырсақ 2-ши бауырсақ 3-авторлық бауырсақ. 4-көрме устелі Фестивальдің мақсаты: қазақ халқының мәдениетін, ата-бабамыздың қаны арқылы ұрпағына беріліп келе жатқан, барша ұлттың сый құрметіне бөленген, ізгі дәстүрі, асыл қасиеті, қонақжайлылық мәдениетін, ұлттық брендімізге айналған бауырсағымызды дәріптеу. Осы байқауды өткізуге қолдау көрсеткен Әуезов ауданының әкімшілігіне алғыс айтамыз.